Меню KDT

logo.png?_=2?_=1
АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «№1 ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҮЗЕУ КАБИНЕТІ» КММ


+7(7172)27-19-49

24 мамыр Астана қаласында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Жүрекпен сезіну» фестивалі өтті.


24 мамыр Астана қаласында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Жүрекпен сезіну» фестивалі өтті. Аталған Фестивальді өткізудің негізі «№1 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» КММ (бұдан әрі – №1 ППТК) қызметінің 10 жылдығы болып табылады. Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары М.Д. Каирбаева құттықтау сөз сөйлеп, №1 ППТК қызметін алғаш ұйымдастырған қызметкерлерді Алғыс хаттармен марапаттады. Сонымен қатар №1 ППТК серіктестері құттықтау сөз сөйледі: «ДАРА» қорының жобалар мен бағдарламалар жөніндегі директоры Шешембекова Марал Серікбайқызы, «АЯЛА» қайырымдылық қорының үйлестірушісі Муратова Динара. Мерекені ұйымдастыруға және өткізуге Dos.community компаниясының зияткерлік еріктілері үлкен көмек көрсетті. Бұл фестиваль қоғамның назарын мүмкіндігі шектеулі балалардың мәселелері мен мүдделеріне аудартуға мүмкіндік берді. Қала тұрғындары балаларды ерте жастан оңалту мүмкіндігі туралы көрнекі ақпарат алды. Іс-шара барысында мүгедек балалардың отбасылары әртүрлі сала мамандарынан (сурдопедагог, педагог психолог, тифлопедагог, логопед, дефектолог (олигофренопедагог)) кәсіби кеңестер мен ұсыныстарды ала алатын мобильді ППТК жұмыс істеді. Қаланың арнайы білім беру ұйымдары балалармен түзету-дамыту процесінде қолданылатын оқу-әдістемелік құралдар мен инновациялық жабдықтарды көрмеге қойды. Сондай-ақ, іс-шараға ойын-сауық және танымдық бағдарлама ұсынатын қолөнершілер, суретшілер, аниматорлар шақырылды. Ерекше қажеттіліктері бар әрбір бала әртүрлі бағыттағы шеберлік сабақтарына, яғни қыш құмыра жасау, сурет шеберханасы, дәстүрлі емес сурет салу, аквагрим, арт-терапия, гипспен жұмыс істеу, тестопластика, квиллинг, оригами және т.б. осы сияқты шеберлік сыныптарына қатысып, уақыттарын көңілді өткізді. Фестиваль білім беру ұйымдарын, қайырымдылық қорларын, жеке компаниялар мен еріктілерді біріктіріп ынтымақтастырды. Мерекелік іс-шара өте жоғары деңгейде өтті. Іс-шараға 2000-нан астам балалар мен ата-аналар қатысты.

  












Пікір жоқ
88 қаралды
Авторы: kppk1bilim
Қосылды: 26.05.2023 в 16:01

Choose Color