Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің №1 Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің 3 бірдей филиалдарында 2020 жылдың 3 - 7 ақпан аралығында «Логопед апталығы» өтті.
Апталыққа логопед-мұғалімдер алдын ала жоспар бойынша апталықтың қызық және әсерлі өтуіне модульдер мен костюмдер, өткізілетін сабақтарға атрибуттар мен таратылатын көрнекіліктер даярлады.
Жалпы тақырып «Қыс қызығы» аясында алынып, барлық материалдар, саусақ және тыныс алу жаттығулары, әндер мен тақпақтар осы тақырыпқа арналып, балалардың қыс туралы түсініктерін ары қарай толықтыра және бекіте түсті.
Бес күнге арналған тапсырмалар мен жаттығулар алуан-түрлі, балалардың қызығушылығын арттыра түсті. Балалар күннен-күнге ойындарға қатысуға деген құштарлығы артып, мұғалімнен «жарайсың» деген баға алуға талпынды. Топтық жұмыстарда бір-біріне деген ұйымшылдық пен ұжымдық қасиет тағы да бойларынан табылды.
Апталықтың бірінші күні «Көңілді дыбыстарға» арналып, балалар әріптерді танып, оқып, әріптен әріпке эстафета жүгіріп, дыбыстардың қаласын араласа, екінші күні жалпы және ұсақ моториканы дамытуға арналған саусақ жаттығулар ойындары мен жаттығулар орындалды.
Ал 3-ші күні тыныс алу жаттығулары мен тақырыпқа қатысты тақпақтарды мәнерлеп оқу конкурсы болды. 4-ші күні «Қыс көрінісі» атты ұжымдық шығармашылық жұмысқа арналды. Балалар жауапкершілікпен атқарған жұмыс тақтаға ілінгенде балалар мен ата-аналардың қуанышы көкке жетті. Соңғы 5-ші күні Қазақстан Республикасының Гимні орындалып, конкурс жеңімпаздар аталып, Мадақтамалар тапсырылды. Ата-аналары мен балалардың қуанышында шек жоқ. Кабинет мамандары мен ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.