«Ұстаздың ұлы келбеті - Ыбырай»
2021 жылдың 23 желтоқсанында Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында аса көрнекті ағартушы-педагог, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына және ҚР Тәуелсіздінің 30 жылдығына арналған «ҰСТАЗДЫҢ ҰЛЫ КЕЛБЕТІ - ЫБЫРАЙ» атты үлкен конференция өткізілді.
Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған тұлға. Конференцияға ҚР Білім және ғылым министрлігі, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Бұқаралық ақпарат өкілдері, білім беру жүйесінің басшылары мен мамандары қоғамдық ұйымдары, білім беру ұйымдарының педагогтері және «Ы.Алтынсарин» төс белгілерінің иегерлері қатысты.
Солардың ішінде біздің №1 ППТК әкімшілігінен «Ы.Алтынсарин» атындағы төс белгі иегерлері – Амрина Бахыт Бекболатовна, Каражигитова Галия Таурбековна және Журкабаева Гайшагуль Сауткановна шақырту алды. Бұл ауқымды конференция ұстаздарға үлкен шығармашылық шабыт сыйлап және болашақ ұрпақты тәрбиелеуіне рухани мұра болып қалуына сенеміз.