Астана қаласы әкімдігінің №1 ППТК”КММ-нің 1-2 филиалында “Көңілді жаңа жыл” атты ертеңгілік өтті. Ондағы мақсат, балаларға жаңа жыл туралы түсінік беру. Аяз Ата сыйлық беретінін айтып, балаларды қуанышқа бөлеу. Шыршаның әсемдігіне назар аударып, ойыншықтардың әдемілігіне қызықтыру. Ертеңгілік барысында балаларды персонаждарға бөліп, өздері кейіпкерлендіруді ұсыну. Әндер, билер арқылы балаларды өнерге талпындыру. Өлеңдерді мәнермен айтып, ертеңгілікте достық сезімдерін ояту, ән, тақпақ арқылы сөздік қорын дамыту. Ата-аналар және балалар қызығып, қуанышпен өлең айтып, билеп, тәтті сыйлықтарын алып, ризашылықтарын білдіріп тарқады.
Пікір жоқ
167 қаралды
Авторы: kppk1bilim
Қосылды: 21.12.2023 в 02:28