IV. Команда бағалауы Команда бағалауы - жеке даму бағдарламасын құрастыру мақсатында түрлі саладағы мамандар тобымен баланы зерттеу. Бұл бағалауды кәсіби мамандар тобы жүзеге асырғандықтан, ол командалық деп аталады. «Мультидисциплинарлық» - бұл зерттеуді бір уақытта бірнеше ғылыми пәндер бойынша тексерген кездегі зерттеудің сипаттамасы. Команда бағалауының нәтижесі баланың оқу стилі, дамудың күшті және әлсіз жақтары туралы ақпаратқа негізделген жеке оқу бағдарламаларын әзірлеу болып табылады. Команда бағалауының кезеңдері: 1. Дайындық кезеңі: а) команда дайындау; б) ата-аналарды дайындау; 2. Бағалау нәтижелеріне негізделген жеке оқыту стратегиясын бағалау және дамыту; 3. Психофизикалық дамудың нақты жағдайын анықтау.