ӘЛЕУМЕТТІК-ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ДАМУЫ
|
- Қажет болған жағдайда ересектердің көмегіне жүгінеді, өзіне деген зеінді қажет етеді және оны сақтап қалуға тырысады.
- Өзара әрекетке түседі, күтеді, көмектесуге тырысады.
- Мақсатына жеткенде мақтаныш сезімі кернеп, қозу, мақтану, қызғаныш, ашу эмоцияларын көрсете бастайды.
- Құрдастарының арасында рахаттанады.
- Ерік-жігері дамиды.
- Ересектің қарауымен жалғыз өзі ойнауы мүмкін.
|
ЖАЛПЫ МОТОРИКА, ҚОЛДЫҢ МОТОРИКАСЫ
|
- Сенімді жүреді.
- Еденде жатқан затты алу үшін еңкейеді.
- Тоқтайды, жан-жағына және артына қарай жүреді, доп лақтырады.
- Қысқа уақыт қана бір аяғында тұра алады.
- Жеңіл көмек көрсетіп, демесең баспалдақпен төмен түседі, өзбетінше жоғары көтеріледі, бір орында секіреді, үшдөңгелекті велосипедтті айдайды.
- Екі затты бір қолында ұстап тұрады.
- Қаламмен сызады, кітаптың беттерін парақтайды.
- 2-ден 6-ға дейінгі кубиктерді бір-біріне қарсы қояды..
|
КӨРУ-ҚОЗҒАЛЫС ТЕПЕ-ТЕҢДІГІ
|
- Сызбалар және түсініксіз сызықтар сызады.
- Кесені ұстайды, оны көтереді және ішеді.
|
ҚАБЫЛДАУЫ, ЗАТТЫҚ-ОЙЫНДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІ
|
- Кеңістіктегі доптың қозғалысын бақылайды, пирамиданың сақиналарын шешеді.
- Бет-әлпеттің көрінісін бөліп таниды (жылау, күлу)
- Кітаптағы суреттерді қарайды.
|
ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ
|
- Қоршаған көптеген заттардың қолданылу аясын түсіне бастайды.
- Ойыншықты алу үшін бір затты құрал ретінде пайдаланады.
- Бірдей заттарды таңдайды.
- Өзінің атын және қоршаған ортаның заттарының атауын біледі.
- Айнадағы өзінің бейнесін таниды және атайды.
- Бірден беске дейінгі дене мүшесін атайды.
|
СӨЙЛЕУ ТІЛІН ТҮСІНУІ
|
- Бірнеше заттарды өтініш бойынша береді.
- 2 минутқа дейін көрсеткен суретке қарайды.
- Ауызша берілген нұсқау бойынша жануарлардың, ойыншықтардың және заттардың таныс бейнелерін көрсетеді.
- Таныс суреттерді атаған кезде көрсетеді.
- «Тиме» деген тыйым салуды түсінеді.
- Қарапайым сөздерді категориялары бойынша: «тағам», «киім» еске түсіреді.
|