Меню KDT

logo.png?_=2?_=1
АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «№1 ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҮЗЕУ КАБИНЕТІ» КММ


+7(7172)27-19-49

Екі жасқа дейінгі БАЛАНЫҢ ҚАЛЫПТЫ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ

ӘЛЕУМЕТТІК-ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ДАМУЫ

  • Қажет болған жағдайда ересектердің көмегіне жүгінеді, өзіне деген зеінді қажет етеді және оны сақтап қалуға тырысады.
  • Өзара әрекетке түседі, күтеді, көмектесуге тырысады.
  • Мақсатына жеткенде мақтаныш сезімі кернеп, қозу, мақтану, қызғаныш, ашу эмоцияларын көрсете бастайды.
  • Құрдастарының арасында рахаттанады.
  • Ерік-жігері дамиды.
  • Ересектің қарауымен жалғыз өзі ойнауы мүмкін.

ЖАЛПЫ МОТОРИКА, ҚОЛДЫҢ МОТОРИКАСЫ

  • Сенімді жүреді.
  • Еденде жатқан затты алу үшін еңкейеді.
  • Тоқтайды, жан-жағына және артына қарай жүреді, доп лақтырады.
  • Қысқа уақыт қана бір аяғында тұра алады.
  • Жеңіл көмек көрсетіп, демесең баспалдақпен төмен түседі, өзбетінше жоғары көтеріледі, бір орында секіреді, үшдөңгелекті велосипедтті айдайды.
  • Екі затты бір қолында ұстап тұрады.
  • Қаламмен сызады, кітаптың беттерін парақтайды.
  • 2-ден 6-ға дейінгі кубиктерді бір-біріне қарсы қояды..

КӨРУ-ҚОЗҒАЛЫС ТЕПЕ-ТЕҢДІГІ

  • Сызбалар және түсініксіз сызықтар сызады.
  • Кесені ұстайды, оны көтереді және ішеді.

ҚАБЫЛДАУЫ, ЗАТТЫҚ-ОЙЫНДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІ

  • Кеңістіктегі доптың қозғалысын бақылайды, пирамиданың сақиналарын шешеді.
  • Бет-әлпеттің көрінісін бөліп таниды (жылау, күлу)
  • Кітаптағы суреттерді қарайды.

ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ

  • Қоршаған көптеген заттардың қолданылу аясын түсіне бастайды.
  • Ойыншықты алу үшін бір затты құрал ретінде пайдаланады.
  • Бірдей заттарды таңдайды.
  • Өзінің атын және қоршаған ортаның заттарының атауын біледі.
  • Айнадағы өзінің бейнесін таниды және атайды.
  • Бірден беске дейінгі дене мүшесін атайды.

СӨЙЛЕУ ТІЛІН ТҮСІНУІ

  • Бірнеше заттарды өтініш бойынша береді.
  • 2 минутқа дейін көрсеткен суретке қарайды.
  • Ауызша берілген нұсқау бойынша жануарлардың, ойыншықтардың және заттардың таныс бейнелерін көрсетеді.
  • Таныс суреттерді атаған кезде көрсетеді.
  • «Тиме» деген тыйым салуды түсінеді. 
  • Қарапайым сөздерді категориялары бойынша:  «тағам», «киім» еске түсіреді.

"№1 Психологиялық - педагогикалық түзеу кабинеті" КММ директоры Амрина Бахыт Бекболатовна

№1 ППТК жұмысының он жылдығына арналған "Жүрекпен сезіну" фестивалі

Choose Color