Меню KDT

logo.png?_=2?_=1
АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «№1 ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҮЗЕУ КАБИНЕТІ» КММ


+7(7172)27-19-49

Екі жастан үш жасқа дейінгі БАЛАНЫҢ ҚАЛЫПТЫ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ

ӘЛЕУМЕТТІК-ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ДАМУЫ

  • Өзбетінше ойнайды, қиялын қосады.
  • Басқаларға ұнағанды қалайды; құрдастарына еліктейді.
  • Қарапайым топтық ойындарды ойнайды.

ЖАЛПЫ МОТОРИКА, ҚОЛДЫҢ МОТОРИКАСЫ

  • Жүгіруге үйренеді, аяқ ұшымен жүреді, бір аяғымен теп-теңдік сақтайды.
  • Шетіне отырып, төменгі сатыдан секіреді.
  • Жәшікті ашып, оның ішіндегі заттарды жан-жаққа лақтырады..
  • Құммен және батпақпен ойнайды.
  • Қақпақтарды ашады, қайшы қолданады.
  • Саусағымен бояйды.
  • Моншақтар жинайды.

КӨРУ-ҚОЗҒАЛЫС ТЕПЕ-ТЕҢДІГІ

  • Телефонның дөңгелегін саусақпен айналдырады, сызықтар сызады, қарапайы формаларды қайталайды.
  • Қайшылармен кеседі.
  • Үлгі бойынша қосу белгісін салады.

ҚАБЫЛДАУЫ, ЗАТТЫҚ-ОЙЫНДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІ

  • Суреттерді қарайды.
  • Пирамиданы сақиналарының үлкендігіне қарамастан шашады және жинайды.
  • Үлгі бойынша жұп суреттерді бөліп алады.

ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ

  • Қарапайым әңгімелерді тыңдайды.
  • Кейбір дерексіз сөздердің мағынасын түсінеді (үлкен-кіші, құрғақ-дымқыл және т.б.)
  • «Мынау не?» Сұрағын қояды.
  • Басқа адамның көзқарасын түсіне бастайды.
  • Абсурдты сұрақтарға «Жоқ» деп жауап береді. 
  • Көлем бойынша бастапқы түсініктері дами бастайды (көп-аз, толық-бос және т.б.)

СӨЙЛЕУ ТІЛІН ТҮСІНУІ

  • Сөздік қорының тез өсуі байқалады.
  • «Біз үйге келген кезде, мен ....» деген сияқты күрделі сөйлемдерді түсінеді.
  • «Сенің қолыңда не бар?» сұрағын түсінеді.
  • «Қалай?», «Не үшін?» сұрақтарының түсіндіруін тыңдайды.
  • «Бірінші қолымызды жуамыз, сосын түскі ас ішеміз» деген сияқты екі деңгейлі нұсқауды орындайды.

"№1 Психологиялық - педагогикалық түзеу кабинеті" КММ директоры Амрина Бахыт Бекболатовна

№1 ППТК жұмысының он жылдығына арналған "Жүрекпен сезіну" фестивалі

Choose Color