ӘЛЕУМЕТТІК-ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ДАМУЫ
|
- Өзбетінше ойнайды, қиялын қосады.
- Басқаларға ұнағанды қалайды; құрдастарына еліктейді.
- Қарапайым топтық ойындарды ойнайды.
|
ЖАЛПЫ МОТОРИКА, ҚОЛДЫҢ МОТОРИКАСЫ
|
- Жүгіруге үйренеді, аяқ ұшымен жүреді, бір аяғымен теп-теңдік сақтайды.
- Шетіне отырып, төменгі сатыдан секіреді.
- Жәшікті ашып, оның ішіндегі заттарды жан-жаққа лақтырады..
- Құммен және батпақпен ойнайды.
- Қақпақтарды ашады, қайшы қолданады.
- Саусағымен бояйды.
- Моншақтар жинайды.
|
КӨРУ-ҚОЗҒАЛЫС ТЕПЕ-ТЕҢДІГІ
|
- Телефонның дөңгелегін саусақпен айналдырады, сызықтар сызады, қарапайы формаларды қайталайды.
- Қайшылармен кеседі.
- Үлгі бойынша қосу белгісін салады.
|
ҚАБЫЛДАУЫ, ЗАТТЫҚ-ОЙЫНДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІ
|
- Суреттерді қарайды.
- Пирамиданы сақиналарының үлкендігіне қарамастан шашады және жинайды.
- Үлгі бойынша жұп суреттерді бөліп алады.
|
ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ
|
- Қарапайым әңгімелерді тыңдайды.
- Кейбір дерексіз сөздердің мағынасын түсінеді (үлкен-кіші, құрғақ-дымқыл және т.б.)
- «Мынау не?» Сұрағын қояды.
- Басқа адамның көзқарасын түсіне бастайды.
- Абсурдты сұрақтарға «Жоқ» деп жауап береді.
- Көлем бойынша бастапқы түсініктері дами бастайды (көп-аз, толық-бос және т.б.)
|
СӨЙЛЕУ ТІЛІН ТҮСІНУІ
|
- Сөздік қорының тез өсуі байқалады.
- «Біз үйге келген кезде, мен ....» деген сияқты күрделі сөйлемдерді түсінеді.
- «Сенің қолыңда не бар?» сұрағын түсінеді.
- «Қалай?», «Не үшін?» сұрақтарының түсіндіруін тыңдайды.
- «Бірінші қолымызды жуамыз, сосын түскі ас ішеміз» деген сияқты екі деңгейлі нұсқауды орындайды.
|