Меню KDT

logo.png?_=2?_=1
АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «№1 ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҮЗЕУ КАБИНЕТІ» КММ


+7(7172)27-19-49

Бір жасқа дейінгі БАЛАНЫҢ ҚАЛЫПТЫ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ

ЖАСЫ

Бір жасқа дейінгі БАЛАНЫҢ ҚАЛЫПТЫ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ

  • Ему және ұстау рефлекстері анық байқалады,
  • Бұлшықеттерінің гипертонусы төмендейді
  • Бірнеше минут басын ұстап тұруы мүмкін
  • а», «е» «ұқсас дыбыстары пайда болады.

  • Басын жан-жағына бұруға үйренеді
  • Бұл қимылды денесін тік тұстағанда тек бірнеше минуттар ғана жасай алады.
  • Қысқаша гуілдей бастайды
  • Алғашқы күлкі, көзқарасы тұрақтана бастайды.

  • Ойыншықтарға қолымен тартыла бастайды.
  • Басын ұзақ уақыт жақсы ұстайды.
  • Гуілдеуі жиі және ұзақ бола түседі.
  • Оған деген эмоционалды қарым-қатынасқа жауап ретінде күледі.

  • Қимыл-қозғалыстары мақсатқа бағытталған бола бастайды, қолына ойыншықтар алуы мүмкін.
  • Өз қолында тұрған ойыншыққа деген қызығушылығы ояна бастайды, оған ұзақ қарайды.
  • Етбетімен жатып шынтағын тіреп, кеудесін көтереді
  •  «б», «п», «м» сияқты түрлі дауыссыз дыбыстар пайда бола бастайды.
  • Гуілдеуінде түрлі екпіндері пайда бола бастайды.  
  • Жақындарымен қарым-қатынаста қатты қуанады және күледі.

  • Шалқасынан етбетіне аунайды, ойыншықтарға қарай тартылады.
  • Қолтығынан ұстап демесе жақсы тұрады және аяғын нық басады.
  • «та», «агу» сияқты өзінің алғашқы буындарын айта бастайды
  • Басқа да балаларға қызығушылық танытас бастайды, олардың келгеніне қуанады.

  • Шалқасынан етбетіне белсенді аунап және қайтадан шалқасымен жатады, ойыншықтарды бір қолынан екінші қолына аустыра алады.
  • Етбетімен жатып, көкірегін көтеріп тек алақанына ғана сүйенеді.
  • Отыра бастайды.
  •  «ба-ба-ба», «да-да-да-да» сияқты түрлі дауыс күшімен гуілдей бастайды.
  •      Қолға алуды қалайтынын түсіндіреді. 

  • Арқасмен жатып өз аяқтарымен ойнайды. Оны жоғары көтеріп, тіпті аузына салуы мүмкін.
  • Қосымша көмексіз арқасын тік ұстап, жақсы отырады. 
  • Өзінің дағдыларын жетілдіре отырып «ба», «на», «ма» сияқты түрлі буындарды анық айта бастайды.
  • Таныс емес адамдарға қызығушылық таныта бастайды, өзіне зейін аударғанын қалайды, әсіресе анасынан. 

  • Ойыншықты екі қолымен бір уақытта алуы мүмкін.
  • Ішімен еңбектейді немесе бақаша қозғалады
  • Өзі отырады, керуеттен ұстанып өзі тұра алады.
  • Өзінің дағлыоарын белсенді жетілдіре отырып, «ба», «на», «ма» сияқты түрлі буындарды анық айта алады.
  • Қызығушылықпен балаларды бақылайды, олармен қарым-қатынасқа түседі.

  • Заттарды ересек адам ктеру үшін әдейі лақтырады.
  • Төрт тағандап тұрып жан-жағына тербеледі.
  • Қолдан ұстанып тұрады.
  • «ма-ма», «па-па буындарын айтады.
  • Ересектердің және басқа балалардың іс-қмыл, тәртібін қайталайды.

  • Көруді бақылайтын ойыққа саусағын салады.
  • Ойыншықтарды саусақтарымен ұстайды.
  • Төрт тағандап еңбектей бастайды.
  • Бір қолымен ұстанып алғашқы қадамын жасайды.
  • Алғашқы сөздерін түсініп айта бастайды.
  • Балалармен ойнайды, өзінің эмоцияларын білдіреді – қуаныш, қорқыныш, көңіл толмаушылық.

  • Керуеттен ойыншықтарын лақытырады.
  • Тірексіз тұрады.
  • Тіректен тірекке қарай алғашқы өзбетінше қадамдарын (1-2)  жасайды. 
  •  «ав-ав», «ляля» сияқты жаңа сөздері пайда бола бастайды.
  • Балалардың келгеніне қуанад, оларға қол бұлғайды, олармен ойнайды.

  • 30-40 минут ойыншықтармен ойнай алады.
  • Бөлме ішінде жиһаздарға сүйеніп немесе өзбетінше жүреді.
  • Сөздік қоры 5-тен 12 сөзге дейін құрайды.
  • Одан сұраса құшақтауы мүмкін, жақсы көреді және жеңіл нұсқауларды дұрыс орындай алуы мүмкін, мақтасаң қуанады.

"№1 Психологиялық - педагогикалық түзеу кабинеті" КММ директоры Амрина Бахыт Бекболатовна

№1 ППТК жұмысының он жылдығына арналған "Жүрекпен сезіну" фестивалі

Choose Color